Велотректен Қазақстан біріншілігінде Артем Захаровтың екі мәрте топ жарғанын хабарлаған болатынбыз.

«Астана» клубының шабандозы 4 шақырымдық жекелей сында және 16 айналымнан тұратын топтық бәсекеде жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ, Қазақстан чемпионаты аясында 2019 жылы Джакартадағы Азия чемпионатына қатысатын спортшылар іріктелді.

«Өз нәтиежеме көңілім толады. Қазақстан чемпионатындағы жеңісім әлі күнге дейін ұлттық құрамада үздік екенімді дәлелдейді. Әлемдік сындарда ел намысын қорғау мен үшін үлкен абырой.

Сонымен қатар, жас спортшылардың өсіп келе жатқаны қуантады. Жақын арада мен Берлиндегі әлем кубогіне қатысамын. Жарыс 30 қараша мен 1 желтоқсан аралығында өтеді. Жақсы нәтижеден үміттімін», - дейді Захаров.