Биыл шымкенттік «Ордабасы» футбол клубы клуб тарихындағы ең көп бюджетке қол жеткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бөлінген қаражаттың бір бөлігі ағымдағы маусымның қарызын өтеуге жұмсалады. Сондай-ақ, клуб Қазақстан құрамасының бірнеше ойыншысын сатып алуды жоспарлап отыр.