Бельгия ерлер құрамасының капитаны Йохан ван Херк «Дэвис кубогы» аясында Қазақстан құрамасына қарсы кездесуге шақырту алған теннисшілердің тізімін жариялады, деп хабарлайды aftnet.be.

Белгия құрамасының намысын: Давид Гоффен (111-ші ракетка), Рубен Бемельманс (149-шы ракетка), Оливье Рохус (209-шы), Жермен Жигунон (241-ші) және Киммер Коппейанс (244-ші) қорғайды.

Қазақстан – Бельгия матчы 31-ші қаңтар мен 2-ші ақпан аралығында Астанада өтеді.