Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі соңғы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Грузия мен Қазақстан құрамалары Тбилисидегі «Динамо-Арена» стадионында кездесті. Қос құрама арасындағы алғашқы ойында грузиялықтар Астанада 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Бүгінге де Владимир Вайсстың командасы жеңімпаз атанды. Құраманың көшбасшы ойыншыларына демалыс берген Станимир Стоилов сырт алаңда ұтылып қалды.

Айта кету керек, қақпашы Дмитро Непогодов Ұлттық құраманың сапындағы алғашқы ойынын өткізіп, бірінші голын жіберді. Ойынның 59-шы минутында сол қапталдан Қазақстан құрамасының қорғанысын бұзып өткен Чакветадзе әріптесіне әуелетіп пас көтерді. Ал Меребашвили болса бос тұрған қақпаны дәл көздеді. Қақпа маңында болған Ғафуржан Сүйімбаев доптың бағытын өзгерте алмады.

Арада 25 минут өткен қанжығасына нәтижелі пасты жазған Чакветадзе көзге түсті. Айып алаңына жақындай берген жойқын соққы жасаған грузиялық футболшы есепті еселей түсті. Матчтың аяқталуына санаулы минуттар қалғанда алаңға тыңнан қосылған Оралхан Өміртаев Ұлттық құраманың жейдесінде өткізген алғашқы кездесуінде гол соқты. Осылайша,

D тобының екінші кездесуінде Андорра өз алаңында Латвия құрамасымен тең түсті. Бұл матчта есеп ашылған жоқ.

Осылайша, 16 ұпай жинаған Владимир Вайсстың командасы топтан бірінші орынмен шықты. Ал қанжығасына 6 ұпай байлаған біздің құрама екінші орынды місе тұтты. 3 пен 4-ші орындарды 4 ұпай жинаған Латвия мен Андорра құрамалары бөлісті.

УЕФА Ұлттар Лигасы. D тобы

Грузия - Қазақстан 2:2 (0:0)

Гол: Меребашвили 59', Чакветадзе 84' - Өміртаев 89'

Қазақстан: Непогодов (Қ) - Бейсебеков, Малый, Логвиненко, Сүйімбаев, Федин, Мужиков, Қуат, Зайнутдинов, Муртазаев, Щеткин.

Грузия: Лория (Қ) - Какабадзе, Кашия, Кверквелия, Квеквескири, Канкава, Казаишвили, Двали, Меребашвили, Чакветадзе, Гвилия.

19.11.2018 жыл. Грузия. Тбилиси. «Динамо-Арена» стадионы