Prosports.kz назарларыңызға УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі Грузия мен Қазақстан матчының тікелей трансляциясын ұсынады.

Матч бүгін Тбилисиде «Динамо-Аренада» өтеді. Басталуы – Астана уақытымен 23:00-де.

Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, бұл ойын турнирлік кесте үшін маңызды емес. Грузия құрамасы 13 ұпаймен бірінші орынға қол жеткізді. Ал 6 ұпайы бар Қазақстан құрамасы екінші орында келеді.