ПСЖ мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе 2018 жылы «Алтын допты» кім алуы мүмкін екенін айтты.

«Биыл жақсы кандидаттар көп. Көптеген ойыншылар бұл жүлде жеңіп алатын мүмкіндікке ие. Жеңімпаз француз болады деп үміттенемін. Бұл біздің биылғы әлем чемпионатында жеңіс жолына дейін жеткеніміз үшін жақсы жүлде болмақ. Дауыс беру нәтижесі бір-біріне тым тығыз болады деп ойлаймын. Болжамымды айту да қиын болып тұр», - деді Мбаппе.

Айта кетейік, биылғы «Алтын доптың» иегері 3 желтоқсанда анықталады.