Рәзия Нүркенова жаттықтыратын Қазақстан әйелдер құрамасына Біріккен Араб Әмірлігінің әйелдер командасы қарсылас атанады. Бұл туралы ҚФФ ресми сайты жазды.

Матч 21 қараша күні Дубай қаласында өтеді.

Қазақстан әйелдер құрамасының Бірікккен Араб Әмірлігіндегі оқу-жаттығу жиыны 11 қараша күні басталған еді. Жиын 24 қарашаға дейін созылады. Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Рәзия Нүркенова жиынға 22 футболшыны шақырды.