Американдық HBO телеарнасы  бірінші ақпан күні Монте-Карлоде өтетін Геннадий Головкин мен Осуману Адама арасындағы жекпе-жекті көрсетпейтін болды. 
 
Көрсетілімнен бас тартудың себебі логистикамен байланысты. Жекпе-жек өтетін арена шағын болғандықтан техникалық құралдарды орнату қиындық тудырды.