21 желтоқсанда Алматы қаласында MMA «TITAN FC 51» аралас жекпе-жектен әлем чемпионаты өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, турнир аясында бірнеше жекпе-жек өткізіледі, оның екеуі «TITAN FC» тұжырымы бойынша Әлем чемпиондарының белбеуі сарапқа салынады. Жарыста Қазақстаннның жекпе-жек шеберлері АҚШ, Бразилия, Куба, Канада және тағы басқа алпауыт мемлекеттерден келген әйгілі спортшылармен күш сынасады. Еліміздің намысын 15 спортшы қорғайды. Аталған іс-шараны АҚШ-тың «UFC FIGHT PASS» каналы әлемнің 150 еліне тікелей эфирден таратады. Сонымен қатар Қазақстан мен ТМД-ның жергілікті арналарында тікелей эфирден көрсетіледі.