Данияр Сахи бастаған отандық төрешілер тобы Македония мен Гибралтар құрамалары арасындағы ойынға төрелік етеді.Бас төрешіге қос қапталдан Айдын Тасыбаев пен Сергей Калачев көмектеседі. Қақпа артындағы төрешілер - Фуркат Атажанов және Арман Исмуратов. Қосалқы төреші - Евгений Бельский.

Македония-Гибралтар ойыны 19 қараша күні Скопье қаласындағы «Филипп II Македонский» стадионында өтеді.