Орта салмақтағы WBA мен IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин әлемнің ең мықты боксшысы американдық Флойд Мейвезермен шаршы алаңға шыққысы келетінін жеткізді, бұл туралы BoxingNews24.com сайты хабарлайды.

Головкин болашақта жекпе-жек өтуі мүмкін екенін мәлім етті. «Мейвезермен жұдырықтасу - менің арманым. Болашақта кездесуіміз мүмкін. Екеуіміздің екі түрлі телеарнамен кесімшарт жасасқанымыз кедергі болуы ықтимал. Мен НВО-да, ол Шоутаймда жұдырықтасады. Дегенмен, промоутерім шешім табуға болатынын айтты», - деді қазақстандық боксшы «On the Ropes Boxing Radio» берген сұхбатында.