Нью-Делиде өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Айгерім Қасенаева Америка спортшысы Джаззель Бобадилламен жұдырықтасты, деп жазады Prosports.kz.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Айгерім 1/16 финалдық кездесуде 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша отандасымыз әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты.