«Астана» велокомандасы алғаш рет «Руанда туры» көпкүндігіне қатысқалы отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы команданың баспасөз қызметі Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді. Жарыс келесі жылдың 24 ақпанынан 3 наурызына дейін өтеді. Команданың құрамы кейін белгілі болады.