«Барыс» хоккей клубы қатарынын үшінші рет жеңілді. Бұл жолы елордалық команда овертаймда минскілік «Динамоға» есе жіберді.
 
Матчтың бірінші минутында «Барыс» шабуылшысы Брэндон Боченски есепті ашты. Алайда, екінші кезеңде қонақтар сапында Андрей Стась тараз басын теңестірді. Артынша, овертаймда Краичек минскілік «Динамоға» жеңіс сыйлады.
 
«Барыс» (Астана) – «Динамо» (Минск) (1:0, 0:0, 0:1, 0:1)
 
1:0 – Боченски (Ландин, Кудроч) – 02:49
 
1:1 – Стась (Ефименко) – 48:14
 
1:2 – Краичек (Стась, Калюжный) – 61:56
 
Қақпашылар: Еремеев – Мильчаков