UFC америкалық файтерлер Ти Джей Диллашоу мен Генри Сехудоның жекпе-жегін ұйымдастырмақшы, деп хабарлайды Prosports.kz

Жекпе-жек келер жылдың 26 қаңтарына жоспарланған. Кездесу Анахаймда UFC 233 турнирі аясында өтеді. Салмақ категориясы әлі белгісіз.

32 жастағы Диллашоу жеңіл салмақта өнер көрсетеді. Файтер 19 жекпе-жекте 16 рет жеңіске жеткен. 31 жастағы Сехудо 15 кездесудің 13-інде жеңген.