Қазақстандық шабуылшы Еркебұлан Сейдахмет өкшесіне жасалған отаны сәтті өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футболшы Латвиямен кездесуі алдында жарақат алып қалған болатын. Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Станимир Стойлов баспасөз жиыны кезінде Еркебұланның 3 ай ем алатынын жеткізді.

Жас форвард өзінің парақшасының Stories-іне «бәрі жақсы» дей отырып, Мюнхендегі ауруханада жатқан суретін жүктеген.