Бұрынғы әлем чемпиондарының жекпе-жегінде канадалық кәсіби боксшы Жан Паскаль румындық Лучиане Бутеден басым түсті.

Монреаль қаласындағы 12 раундтық айқаста Паскаль Бутені ұпай саны бойынша жеңіп, 79,38 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Солтүстік Америка чемпионы атағына ие болды.

31 жастағы Паскальдің қоржынында 29 жеңіс (17 нокаут), сондай-ақ ол 2 рет жеңіліп, 1 рет тең түскен.