Айтулы спорт сайысы алты күнге созылады.

Жарыста еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан келген былғары қолғап шеберлері бақ сынасуда. Олардың арасында республикалық және халықаралық жарыс жеңімпаздары мен әлем чемпиондары бар. Бокстан тұңғыш Қазақстан чемпионатында топ жарған спортшылар 18 қарашада марапатталады. Сондай-ақ ұлттық құрама сапында Азия және әлем чемпионатында қазақ елінің намысын қорғайды. Айта кетейік, бұл додаға Маңғыстау облысының 15 спортшы қатысады.

Әділ Басығараев, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы:

- Маңғыстау облысынан 15 бала додаға қосылды. Тәжірибелі боксшыларымыз Ерік Әлжанов, Нұрбол Қалжанов және ағайынды Төлтаевтар, сосын Айболды Төленұлы және Нұрдәулет Бекзат. Осы жігіттерден үміт күтеміз. Оңай жарыс деп айтпаймын, өте қиын. Мұның маңыздылығы келер жылға құрама команда тағайындалады.

Евгений Павлов, жарысқа қатысушы:

- Ақтауда өтіп жатқан ел чемпионатына қатысу мен үшін зор мәртебе. Бұл қалада халықаралық деңгейдегі жарыстар жиі ұйымдастырылады. Маңғыстаулық боксшылар білікті жаттықтырушылардан тәлім алады. Бүгін 56 келі салмақ дәрежесі бойынша алғашқы сайыста қарсыласымнан басым түстім. Осы қарқында өнер көрсетіп, Қазақстан чемпионы атану – басты мұратым.