«Astana Arlans» сырт алаңда «Baku Fires»-ке - 1:4 есебімен ұтылып қалды.

52 келіде Лондон олимпиадасына қатысушы Ілияс Сүлейменов Эльвин Мамишзадаға есе жіберсе (1:2), 60 келіде команда капитаны Самат Башенов, Альберт Селимовке ұтылды - 0:3. 69 келіде Мейірім Нұрсұлтанов Евгений Рамашкевичке жеңілді - 1:2. 91 келіде Руслан Мырсатаев Хаджи Муртузалиевтен ұтылуға мәжбүр болды. Арландар сапында тек қана Эхсан Рузбахани өз қарсыласы Самир Магомедовті техникалық нокаутпен ұтты.