Евгений Постников жарақатына байланысты Қазақстан ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиынынан кетіп қалды. Бұл туралы kff.kz мәлім етті.

Елордалық «Астананың» қорғаушысы жарақатына байланысты УЕФА Ұлттар лигасының қараша айында өтетін Латвия мен Грузия ойындарына қатыса алмайды.