Алматылық «Қайрат» футбол клубы 37 жастағы ресейлік футболшы Андрей Аршавинмен қоштасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Рахмет, Андрей Сергеевич!», - деген жазба қалдырылды «Қайрат» ФК Инстаграм парақшасында.

Айта кетерлігі, ресейлік бүгін алматылық клубтың сапында қоштасу матчын өткізген болатын. Аршавин екінші таймда алаңға шығып, қос команданың арасындағы кездесу 0:0 есебімен аяқталды.