Univision.com сайтының журналисі әрі фотографы Лестер Сильва Instagram-да қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтың жаттығуынан фотосурет жариялады.

«Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Саус-Бичтегі әлемге әйгілі 5th Street залында бірнеше раунд өткізді», - деп жазды Сильва. Бұл жазбаға ол Елеусіновтың бірнеше суретін жариялаған.

Айта кетейк, қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегін 24 қарашада Монте-Карлода (Монако) өткізеді. Оның қарсыласы кім болары әзірше белгісіз.