Қазақстандық теннисші Александр Бублик өз мансабында үшінші рет «Челленджер» сериясындағы турнирдің финалына жолдама алды.

Братиславада өткен турнирдің жартылай финалында Бублик Маттиас Бахингерді екі сетте жеңді – 7:5, 7:6.

Енді Бублик финалда чехиялық Лукаш Росолмен кездеседі.

Айта кетерлік жайт, Александр бұған дейінгі екі финалында жеңіске жеткен болатын.