Либертадорес кубогының финалындағы бірінші матч кейінге ауыстырылды.

Ақтық сында аргентиналық клубтар – «Бока Хуниорс» пен «Ривер Плейт» кездеседі. Буэнос-Айресте өтуі керек болған алғашқы матч алдында қатты жауын болып, «Бомбонера» стадионының алаңы ойынға жарамай қалды.

Ал қарымта кездесу «Ривер Плейттің» алаңында 24 қарашада өтеді.