Ресейлік файтер Расул Мирзаев Мәскеуде АСВ 90 турнирінде өнер көрсетті.

Ол бразилиялық Глеристоне Сантоспен жекпе-жек өткізген. Ресейлік спортшы қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді.

Естеріңізге салсақ, Расул Мирзаев қазақстандық Ержан Естановты үш рет жеңген (2013 жылы – төрешілер шешімі, 2014 – Естанов екінші раундта кездесуден бас тартты, 2018 – тағы да төрешілер шешімі) болатын