Бүгін Алматыда футзалдан Қазақстан чемпионатының 4-турында «Жетісу» мен «Ақтөбе» күш сынасты.

Бұл ойында талдықорғандық команда вице-чемпиондарды сенімді түрде жеңді – 6:2.

«Жетісу» сапындағы алты голды екі-ақ футзалшы салды: Эвертон – покер, Рафаэль дубль.