Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер орта салмақта әлем чемпионы Сауль Альварестің IBF белбеуінің иегері Дэниэл Джейкобспен жұдырықтаспайтынына сенімді.

«Сөздерімді жазып алсаңыздар болады. Канело 2019 жылы мамырда Джейкобспен жекпе-жек өткізбейді деп ойлаймын. Менің пікірім осындай. Альварес оны қарсылас ретінде таңдамайды. Бұл ол үшін өте қауіпті жекпе-жек. Егер ол бұл кездесуге келіссе, оған өз құрметімді білдіремін», - деді Леффлер.

Сонымен қатар, Головкиннің промоутері әлсіз қарсылас таңдаған Канелоны сынға алды.

«Альварестің келесі қарсыласын қараңыздаршы. Рокки Филдингті төмендеткім келмейді. Бірақ бұл жекпе-жек Саульге қиындық тудырады деп ойламаймын», - деді Леффлер.

Айта кетейік, Сауль Альварес 15 желтоқсанда Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында Рокки Филдингпен жұдырықтасады.