Қазақстандық теннисші Александр Бублик Братиславадағы «Челленджер» турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

1 сағат 18 минутқа созылған кездесуде Бублик украиналық теннисші Сергей Стаховскийді екі сетте – 6:3, 7:6 есебімен ұтты.

Жартылай финалда қазақстандық теннисші неміс теннисшісі Маттиас Бахингермен кездеседі.