«Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы өз мұз айдынында Жоғары хоккей лигасының көшбасшы командасы тюмендік «Рубинді» қабылдады.

Бірінші периодта өскемендік Юрий Сергиенко есепті ашты, артынша Аркадий Шестаков есепті ұлғайтты. Кейін қонақтар есепті теңестірді. Алдымен Севостьянов бір гол қайтарса, Станислав Голованов екінші шайбаны соқты. Алайда, матчтың аяқталуына бес минута қалғанда Виталий Меньшиков өскемендік клубқа жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп 3:2.

«Қазцинк-Торпедо» (Өскемен) – «Рубин» (Тюмень) 3:2 (1:0, 1:1, 1:1)

1:0 – Сергиенко (Жмаев, Огородников) – 12:24

2:0 – Шестаков (Кошелев, Огородников) – 23:27

2:1 – Севостьянов (Бэкстрем, Карпов) – 30:33

2:2 – Голованов (Колесников, Акифьев) – 49:02

3:2 – Меньшиков (Шин, Беляев) – 55:59

ҚақпашыларПолошков – Хорошун