Футзалдан Қазақстан чемпионатының 3-турында Алматыда «Жетісу» мен «Ақтөбе» кездесті.

Бірінші таймда 2:5 есебімен жеңіліп жатқан жетісулықтар үзілістен кейін есепті теңестіріп тастады – 5:5.

«Жетісу» сапында Арнольд Кнауб пен Эвертон дубльден жасап шықса, бір голы Юлиан Шамсутдинов салды.

Ал «Ақтөбеде» Қарағұлов екі гол соқты, Нулет, Серый және Иманалин бір реттен қанжығасын майлады.