«Астана» ФК өз алаңында Еуропа лигасы топтық кезеңінің 4-туры аясында Чехияның «Яблонец» командасымен ойнап жатыр.

18-минутта бұрыштамадан кейін қолайлы позицияда тұрған 11-нөмірдегі Педро Энрике гол соғып, алаң иелерін алға бастады.

Ойынның 40-шы минутында қонақтардан Дэвид Лешков есепті теңестірді.

Еске сала кетсек, матч «Астана Арена» стадионында өтіп жатыр.