Бүгін «Астана» футбол клубы елорда төрінде Еуропа лигасының топтық кезеңі аясында чехиялық «Яблонецпен» кездеседі.

Кездесу «Астана Арена» алаңында 21.50-де басталады.

«Астана» - «Яблонец» матчын Qazsport телеарнасында тікелей эфирден көре аласыздар.

Айта кетейік, елордалық клуб К тобында 5 ұпаймен алда тұр. «Астананы» алдына жіберген Киевтің «Динамосында» да дәл осынша ұпай бар.