Өз алаңында Загребтің «Медвешчак» клубын қабылдаған астаналық «Барыс» 1:3 есебімен ұтылып қалды.

Бірінші таймда командалар бір-біріне гол кіргізе алмады. Есеп екінші таймда ашылды. Кездесудегі алғашқы шайбаны қонақтар соқты. Ойынның 29-минутында қақпаны дәл көздеген Лингле болатын. Екінші таймның аяқталуына 5 минут қалғанда Роман Старченко қарымта қайтарды. Үшінші кезеңде «Медвешчак» тағы да алға шықты. Бұл жолы шайба соққан Мэтт Эллисон еді. Есепті теңестіруге тырысқан астаналық хоккейшілер барын салуға тырысты. Тіпті, ойын соңына таман  қақпашының орнына алаңдағы ойыншыны шығарған. Осындай сәтті тиімді пайдаланған «Медвешчак» үшінші шайбасын соғып кетті. Лингле дубль авторы атанды.

Бұл ойыннан кейін «Барыс» 88 ұпаймен екінші орында қалды. Ал «Медвешчак батыс конференциясында 7-ші орынға шықты.

aynaline.kz