Бірінші ауыр салмақта WBA Super, WBC, WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы украиналық Александр Усик британиялық Тони Бельюмен болатын жекпе-жегі алдында жоспарымен бөлісті.

— Бірінші ауыр салмақты абсолютті әлем чемпионы болдым. Бірақ бұл жолдың басы ғана. Енді мен Энтони Джошуаны нысанаға аламын. Оны тағынан тайдырып, аса ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы атанған кезде ғана спорттағы мансабымды аяқтаймын», — деді Усик.Александр Усик — Тони Белью арасындағы жекпе-жек 11 қараша күні Манчестерде (Ұлыбритания) өтеді.