«PROСПОРТ» тілшісі былтырғы маусымдағы Қазақстан Премьер-лигасының символикалық құрамасын жасақтады.

Андрей Сидельников

33 жаста, 190 см, 87 келі

Клуб: «Ақтөбе»

Азаматтығы: Қазақстан, Ресей

Амплуа: қақпашы

Өткізген ойындардың саны: 28

Жіберген голдар: 19

Гол жібермеген матчтар: 16

Андрей - «Ақтөбе» мен Қазақстан құрамасының нөмірі бірінші қақпашысы. Былтырғы маусым Сидельников үшін сәтті аяқталды. Чемпионаттың тең жартысында қақпасын голдан аман сақтаған ол ҚПЛ-дың үздік ойыншысы атанды.

Марко Джалович

27 жаста, 189 см, 80 келі

Клуб: «Жетісу»

Азаматтығы: Сербия

Амплуа: сол қапталдағы қорғаушы

Өткізген ойындардың саны: 31

Нәтижелі пастар: 2

Сербиялық легионер былтырғы маусымда түгелге жуық кездесуге қатысып, тек қана бір (!) матчта алаңға шықпады.  Джалович доп тартып алудан ҚПЛ қорғаушылары арасында үздік. Бұған қоса «Жетісу» Қазақстан чемпионатындағы аз гол жіберген екінші команда. Марконың қорғаныстағы үлесі зор.

Зелао

29 жаста, 188 см, 89 келі

Клуб: «Астана»

Азаматтығы: Бразилия

Амплуа: орталық қорғаушы

Өткізген ойындардың саны: 28

Голдар: 3

Нәтижелі пас: 1

«Коринтианстің» бұрғынғы ойыншысы елордалық клубта өз орнын тапты. Игуманович-Зелао дуэты астаналық команданың қорғанысын күшейткені анық. Сонымен қатар, Зелао нәтижелі пас шығарып гол соғып тұрады.

Любомир Михалик

30 жаста, 193 см, 82 келі

Клуб: «Қайрат»

Азаматтығы: Словакия

Амплуа: орталық қорғаушы

Өткізген ойындардың саны: 26

Гол: 1

Нәтижелі пастар: 2

«Чемпионшипте» (Англия, 1-ші лига) ойнаған футболшылар бірден ерекшеленіп тұрады. Владимир Вайсстың Михаликке деген көз қарасы ерекше көрінеді. Бойы еңгезердей қорғаушы өз орнын ешкімге берер емес. Бүгінгі күнде алматылықтардың жетекші ойыншысына айналып келе жатқан футболшы «Қайратта» өнер көрсетуін жалғастырады.

Петр Бадло

37 жаста, 178 см, 75 келі

Клуб: «Ақтөбе»

Азаматтығы: Украина, Қазақстан

Амплуа: оң қапталды қорғаушы

Өткізген ойындардың саны: 30

Гол: 4

Нәтижелі пастар: 4

«Ақтөбенің» капитаны Петр Бадло былтырғы маусымда отыз кездесуге қатысты. Отызында орда бұзып, қырыққа таяғанда қамал алмақшы жігіт ерекше құрметке лайық. Атақты Гиггз пен Дзанеттимен салыстуыруға да болар Бадлоны. Капитанға да құрамада орын бар.  

Марат Хайруллин

29 жаста, 176 см, 75 келі

Клуб: «Ақтөбе»

Азаматтығы: Ресей, Қазақстан

Амплуа: жартылай қорғаушы

Өткізген ойындардың саны: 26

Гол: 7

Нәтижелі пастар: 7

29 жастағы хавбек өте сауатты ойынымен танымал. Шабуылшыларды доппен қамтамасыз еттудің хас шебері. Оның голдары мен нәтижелі пастары «Ақтөбені» кезекті рет чемпиондық атаққа жеткізді. Үздік құраманы Хайруллинсіз елестету қиын.

Тимур Кападзе

32 жаста, 185 см, 77 келі

Клуб: «Ақтөбе»

Азаматтығы: Өзбекстан, Грузия

Амплуа: орталық жартылай қорғаушы

Өткізген ойындардың саны: 28

Голдар: 5

Нәтижелі пастар: 4

«Ақтөбенің» командасының тағы бір мүшесі Тимур Кападзе, жетекші ойыншылардың бірі. Қорғаныста жақсы ойнап, шабуылға сәтті араласатын футболшы. Кападзе секілді техникасы жоғары, білікті ойыншылар ҚПЛ-да саусақпен санарлы.

Огнен Красич

25 жаста, 175 см, 74 келі

Клуб: «Тобыл»

Азаматтығы: Сербия

Амплуа: оң қапталдағы жартылай қорғаушы

Өткізген ойындардың саны: 30

Голдар: 3

Нәтижелі пастар: 11

Красич өзін мықты қырынан көрсете білді. Қазақстан чемпионатындағы қорғаушыларға қауіп төндіретін бірден бір ойыншы. Сербиялық - нәтижелі пастардың шебері, ойыншы алдап, жойқын соққы жасай алатын футболшы.

Нұрбол Жұмасқалиев

32 жаста, 174 см, 69 келі

Клуб: «Тобыл»

Азаматтығы: Қазақстан

Амплуа: шабуылшы, хавбек

Өткізген ойындардың саны: 30

Голдар: 9

Нәтижелі пастар: 5

Жұмасқалиев - Қазақстан Премьер-лигасының тарихындағы ең үздік бомбардир. Алайда, Ұлттық құрама жейдесін көптен бері кимеген ол басты командаға жуырда ғана оралды. «Тобылдың» капитаны былтырғы маусымда өз деңгейінде, сауатты ойнап тек жақсы қырынан көрінді.

Момоду Сисей

25 жаста, 185 см, 80 келі

Клуб: «Қайрат»

Азаматтығы: Гамбия

Амплуа: шабуылшы

Өткізген ойындардың саны: 28

Голдар: 12

Нәтижелі пастар: 5

Сиссей - «Қайраттың» басты қаруы. Соққысы мен техникасы келіскен гамбиялық шабуылшыны Қазақстан чемпионатының күшеюіне де үлес қосты. Бойшаң футболшы талай гол соғып, әдемі дриблингімен көзге түседі.

Игорь Зенькович

26 жаста, 185 см, 78 келі

Клуб: «Ақжайық»/«Шахтер»

Азаматтығы: Белорусь

Амплуа: шабуылшы

Өткізген ойындардың саны: 30

Голдар: 15

Нәтижелі пастар: 4

Зенькович Қазақстан Премьер-лигасының былтырғы маусымдағы  үздік сұрмергені. Сондықтан Игорьді үздіктер қатарына қоспау - ұят. Маусымды «Ақжайықта» бастап, ақыры «Шахтерден» бір-ақ шыққан ол, он бес гол соғып, төрт нәтижелі пастың авторы атанды.