Қазақстанның бокстан әйелдер құрамасының бас бапкері Вадим Присяжнюк әлем чемпионатына қатысатын құраманы атады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі olympic порталына сілтеме жасап.

Құрама команданың құрамына Қасенаева Әйгерім (48 кг), Жайна Шекербекова (51 кг), Дина Жоламан (54 кг), Назым Ищанова (57 кг), Карина Ибрагимова (60 кг), Милана Сафронова (64 кг), Ақерке Бахытжан (69 кг), Аида Оңдаш (75 кг), Фариза Шолтай (81 кг) және Ләззат Күнгейбаева (81 кг жоғары) кірді.

Айта кетейік, биыл ӘЧ Нью-Делиде (Үндістан) өтеді.