11 қарашада «Орталық» стадионда алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Андрей Аршавиннің қоштасу ойыны өтеді. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі жазды

Қарағандылық «Шахтерге» қарсы матчта клуб пен жанкүйерлер аңызға айналған Андрей Аршавинді алматылық команда сапындағы жарқын мансабы мен оңтүстік астана тұрғындарын ғашық қылған ойыны үшін алғыс айтады.

«Қайрат» сапындағы үш маусымда Андрей сары-қара жейдемен 100-ден астам матч өткізіп, 30 гол мен 37 нәтижелі пастың авторы атанды. Клубпен бірге ол екі рет ел чемпионатының күміс медалін жеңіп алды, сондай-ақ, Қазақстан кубогы мен Суперкубогын еншіледі.

«Кеншілерге» қарсы матч 11 қарашада 15:00-де Алматы қаласының Орталық стадионында өтеді.