Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) келесі жекпе-жегінде кіммен жұдырықтасатынын білмейтінін айтты.

- Білмеймін, шынымды айтайын. Ешқандай идея жоқ. Кіммен жұдырықтасқым келеді? Бұл маңызды емес, - деді Головкин TMZ Sports-қа.

Бұған дейін Головкиннің промоутері Том Леффлер GGG-дің келесі жекпе-жегі көктемде өтетінін айтқан еді. Бірақ қарсыласының кім болары әлі белгісіз.