Америкалық Джермелл Чарлоның бапкері Ронни Шилдс көптеген атақты боксшылар оның шәкіртінен қашып жүргенін айтты.

«Альварес Джермеллден қорқады. Геннадий Головкин де. Дэнни Джейкобс та көп сөйлегенімен, Чарлодан қорқады.

Головкин Джермеллмен жекпе-жек өткізуден қашып, Канеломен кездескісі келеді деп ойлаймын. Канелоның да Чарломен жұдырықтасқысы келмейді», - деді Шилдс.