2018 жылы 7-9 қарашада Қазақстан хоккей құрамасы венгриялық Будапешт қаласында Еуропалық шақыру кубогына қатысады.

Қазақстаннан бөлек бұл жарыста Венгрия, Оңтүстік Корея және Италия құрамалары бақ сынайды.

Біздің құраманы бұл турнирде «Номадтың» бапкері Юрий Михайлис жаттықтырады.

Қазақстан құрамасының турнирдегі матчтар кестесі:

7 қараша 2018 Венгрия — Қазақстан 21:00

9 қараша 2018 Оңтүстік Корея — Қазақстан 00:30

9 қараша 2018 Қазақстан — Италия 21:00