UFC президенті Дана Уайт Sports Illustrated-ке берген сұқбатында ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедовтың ирландиялық Конор Макгрегормен жекпе-жектен соң шығарған төбелесі үшін қанша уақытқа шеттетілуі мүмкін екенін айтты.

- Комиссияда Нурмагомедовтің жағдайына қатысты тексерісте жаңалық бар ма?

- Желтоқсанда отырыс болады.

- Сіз не күтесіз?

- Білмеймін. Бірақ оны алты айдан артық уақытқа шеттетпейді деп үміттенемін.

- UFC ішкі санкциялар қолдана ма?

- Жоқ, бәрі комиссияның қолында.