Ямайка футбол федерациясының президенті Майкл Рикеттстің айтуынша, жеңіл атлетикадан Олимпиаданың сегіз дүркін чемпионы футболдан ұлттық құрамаға шақырту алуы мүмкін.

- Болт ямайкалық клубпен келісімшартқа отырмағанына қапалымын. Сол кезде оның ойынын жақсырақ бақылар едік. Кез келген жағдайда, ол құраманың деңгейін көрсететін болса, шақырту алады, - деді федерция президенті.

Айта кетейік, биыл тамызда Болт аустралиялық «Сентрал Кост Мэринерс» клубымен келісімшартқа отырған болатын.