Беделді Boxingnews24.com сайтының тілшісі Шон Джонстың пікірінше қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің арасындағы үшінші жекпе-жек Лас-Вегастан басқа қалада өтуі қажет, деп жазады Prosports.kz сайты.

«Головкиннің промоутері Том Леффлер «Канелоға» қарсы үшінші жекпе-жектің Лас-Вегас қаласында өтуі мүмкін екеніне байланысты қобалжулы. АҚШ жанкүйерлері «Канелоның» Головкинге қарсы екі кездесуінде және Эрисланди Ларадан жеңілмегенінің себебі, жекпе-жектің Лас-Вегаста өткенін айтады. Үшінші айқас Нью-Йорк немесе Калифорнияда өтуі қажет. Головкин қанша ақша берсе де Невадаға үшінші мәрте оралады деп ойламаймын», — деп жазады Шон Джонс.

Айта кетейік, Головкин мен «Канелоның» арасындағы екі жекпе-жекте Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena кешенінде өткен болатын.