Премьер-лиганың 32-туры аясындағы «Шахтер» - «Тобыл» матчы Теміртау қаласындағы «Металлург» стадионында өтеді, деп жазады Prosports.kz cайты.

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Премьер-лиганың 23-турындағы кейінге шегерілген «Шахтер» - «Астана» матчының делегатының баянатының негізінде және Қарағанды қаласындағы «Шахтер» стадионының жасыл алаңының жағдайының нашарлығына байланысты маусым соңына дейін матч өткізуге тыйым салу жөнінде шешім қабылдады.

Сол себепті Қазақстан Чемпионатының 32-турындағы Шахтер» - «Тобыл» матчы қарағандылық клубтың қосалқы алаңы саналатын Теміртау қаласындағы «Металлург» стадионында өтеді.