Теннистен Австралия ашық чемпионатының бірінші айналымында қазақстандық Юлия Путинцева жарыстың бесінші ракетасы Агнешка Радванскадан айласын асыра алмады.

Бірінші сетте польшалық теннисші қарсыласына мүлдем мүмкіндік бермеді. Екінші тартысты өрбіген сетте, қазақстандық жеңіске жете алды. Бірақ, маңызды үшінші сетте Путинцева атақты қарсыласына жол беріп қойды.

Агнешка Радваньска (Польша) – Юлия Путинцева (Қазақстан) 6:0, 5:7, 6:2