Бірінші орта салмақта өнер көрсететін украиналық жеңіліп көрмеген боксшы Сергей Богачук (11-0, 11 КО) кәсіпқой рингтегі 11-ші жеңісіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kzПромоутер Том Леффлердің Калифорнияда өткізген Hollywood Fight Nights бокс кешінде 23 жастағы Богачук колумбиялық Роналд Монтеспен (18-11, 16 КО) жұдырықтасты.Жекпе-жек 110 секундта аяқталды, Монтес алған нокдауннан кейін орнынан көтеріле алмады.