«Ливерпулдің» кішкентай жанкүйері Мэдисон МакГуэйн Хэллоуинге Салах боп киінді.

Ол тек жейдемен ғана тоқтап қалған жоқ, сонымен қатар, сақал қойып, парик тақты. МагГуэйнге бет терісін қарайту үшін арнайы тоналды крем жағуға тура келді.

Қыздың анасы расизм үшін қорықса да, Мэдисонның арманын орындады. Алайда, оны табалағандар емес, керісінше, қолдағандар көп болды.

«Кішкентай қыз бұл ойыншыны жақсы көреді. Сондықтан, расизм жоқ жерде оны іздеудің қажеті жоқ…», — деп қолдағандар табылды.