«Реал» футболшылары Зинедин Зиданның қайтып келгенін қалайды, деп хабарлайды Prosports.kz

46 жастағы франциялық маман корольдік клубты 2016 - 2018 жылдары аралығында басқарған болатын.

«Корольдік клубтың» тізгінін биыл жазда ғана ұстаған испаниялық маман өз міндетін ойдағыдай атқара алмады. Ла лигада 10 турдан кейін 14 ұпай ғана жинап, турнирлік кестеде 9-шы орында тұр.