«Қайрат» футбол клубының жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен "Ертіспен" өткен кездесу мен алдағы Қазақстан кубогы финалдық ойыны жайын пікірін білдірді.
«Ертіспен» болған кездесу біз ойлағандай болмады. Алғы шепте өткір шабуылдарымыз аздық етті. Өткен кездесуді ұмытып, алдағы Қазақстан кубогы финалын ойлауымыз қажет енді. Біз кубок жолында таза қазақстандық құраммен ойнап келе жатырмыз, сол құраммен жеңімпаз болсақ дейміз. Біздің команда кубокты иеленуге лайықты.