Бангалор қаласында әйелдер жастар құрамасы Азия чемпионатын жеңіліспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы ойын біздің қыздар үшін оңайға түскен жоқ. Алғашқы кезеңде 6 ұпай ғана жинаған құрамамыз қарсыластарын 14 ұпайға алға жіберіп алды. Алға шыққан сириялықтар матч бойы сол айырмашылықты сақтап тұрды. Қорытынды есеп - 40:56.

Айта кетейік, бүгін біздің қыздар Самоамен кездесу өткізеді.